» » Дубайдағы дрон шабуылын видеоға түсірген шетелдіктер ұсталды

Дубайдағы дрон шабуылын видеоға түсірген шетелдіктер ұсталды

Фото: Видеодан алынған кадр
Біріккен Араб Әмірліктерінің құқық қорғау органдары Дубайда демалып жатқан британдық турист пен оның әкесін қамауға алды. Бұған қонақүйдегі дрон шабуылының салдарын бейнежазбаға түсіріп, желіде бөлісуі себеп болған. Жергілікті билік бұл кадрларды «ұлттық қауіпсіздікке төнген қатер» деп бағалап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға 28 ақпанда беделді «Fairmont The Palm» қонақүйінде болған. Ғимаратқа дрон соғылып, өрт шыққан. Салдарынан 4 адам зардап шеккен. Демалыста жүрген 40 жастағы британдық ер адам болған жағдайды ұялы телефонына түсіріп алған.
Ол видеоларды жарияламаған, тек туыстарына жеке хабарлама арқылы жіберіп, өзінің аман екенін жеткізгісі келген. Алайда 10 күннен кейін, 9 наурызда турист пен оның әкесі ұсталған. Бастапқыда «екі сағаттық сұрақ-жауап» деп жоспарланған тексеру белгісіз мерзімге созылған.
«Detained in Dubai» ұйымының жетекшісі Радха Стирлингтің айтуынша, ұсталғандардың отбасы олардың жағдайына алаңдаулы.
«Ешқандай қасақана әрекет болған жоқ. Соған қарамастан заң бойынша оларды белгісіз уақытқа дейін ұстауы мүмкін», деді ол.
Құқық қорғаушының мәліметінше, күдіктілер қазір толық оқшаулауда отыр – адвокатпен, туыстарымен немесе елшілік өкілдерімен байланысқа шығу мүмкіндігі жоқ. Турист өз әрекеті үшін кешірім сұрап, болған жайтқа өкінетінін білдірген.

БАӘ заңдары қатаңдатылған

Соңғы уақытта дрон шабуылдарынан кейін Дубай билігі оқиғаларға қатысты фото және видео таратуға бақылауды күшейткен. Полиция «үрей тудыратын немесе жалған ақпарат тарату» заңмен жазаланатынын ескерткен.
Құқық қорғаушылардың айтуынша, соңғы апталарда ондаған адам ұсталған. Күштік құрылым өкілдері көшеде азаматтардың телефонын тексеріп, күмәнді жазбаларды өшіріп жатыр. Тіпті оқиға орнында болған адамдардың өзі күдікке ілініп отыр.
БАҚ мәліметінше, кейбір азаматтар жарияланбаған материалдар үшін де жауапқа тартылған. Заң бұзғандарға екі жылға дейін бас бостандығынан айыру және ірі көлемде айыппұл салу қарастырылған.

Туристер нені ескеруі тиіс?

Сарапшылардың пікірінше, қауіпсіздікке қатысты кез келген фото немесе видеоны, тіпті жеке хат арқылы жіберудің өзі салдарға әкелуі мүмкін. Шектеу тек блогерлерге емес, қарапайым туристерге де қатысты.
Мамандар мұндай жағдайда түсірілім жасамауға және ешқандай материал таратпауға кеңес береді. Сонымен қатар тек ресми ақпаратқа сүйеніп, жергілікті билік талаптарын қатаң сақтау қажет.
22 наурыз 2026 ж. 45 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№20 (10487)

17 наурыз 2026 ж.

№19 (10486)

14 наурыз 2026 ж.

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 682
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 438

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031