» » Крокустағы лаңкестікке қатысы бар қырғыз азаматы ұсталды

Крокустағы лаңкестікке қатысы бар қырғыз азаматы ұсталды

Ресейдің Мәскеу қаласында орналасқан «Крокус сити холл» концерт залында болған лаңкестікке қатысы бар сегізінші күдікті ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Күдікке ілінген Қырғызстан азаматы Әлішер Қасымов лаңкестердің жоспарынан бейхабар болғанын айтып отыр. Тергеу мәліметтеріне қарағанда, ол ұсталған күдіктілерге пәтерді жалға берген. Қасымовтың сөзінше, ол «Авито» қосымшасының қызметі арқылы ғана олармен байланыста болған.
Еске сала кетейік, кеше Мәскеудің Басманский сотына тағы үш күдікті жеткізілген еді. Олардың бірі Диловар Исмолов террористерге делдал ретінде көмектесті деген айыппен ұсталды. Сондай-ақ ол ұсталғандар мінген «Рено» көлігінің түпкі иесі болып шықты.
Оған қоса Диловардың 62 жастағы әкесі Исроил Исмоилов пен оның 33 жастағы ағасы Аминчон Саломов қамауға алынды. Олар тағылған айыппен келіспей отыр.
Тергеушілердің нұсқасы бойынша, Диловар мен Аминчон 24 наурызда қамауға алынған Шамсиддин Фаридуниді қылмыстық топқа тартқан.
Еске салайық, 22 наурызда Мәскеудегі «Крокус сити холл» концерт залында теракт болды. Белгісіз біреулер күзетшілерге, кейін фойедегі көрермендерге оқ жаудырған. Қаза тапқандар саны жүзден асты.
26 наурыз 2024 ж. 430 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 754
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 117

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 479

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930