» » Римде болған жарылыстан 21 адам зардап шекті

Римде болған жарылыстан 21 адам зардап шекті

Италия астанасы Римде газ құю станциясында болған күшті жарылыс салдарынан 21 адам түрлі дәрежеде жарақат алды. Оқиға Пренестино ауданындағы Виа деи Гордиани көшесінде болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жергілікті БАҚ дерегінше, жарылыстың нақты себебі әзірге белгісіз. Куәгерлер екі бірдей жарылыстың болғанын айтады. 
Жарылысқа дейін бұл маңда жол-көлік апаты орын алғаны, яғни жүк көлігі газ құбырына соғылғаны туралы хабарланған. Бірақ осы екі оқиғаның арасында нақты байланыс бар-жоғы әзірге белгісіз. Кейбір тұрғындар оқиға орнында газдың өткір иісін сезген.
Рим полициясының комиссары Роберто Массуччидің айтуынша, жарылыс сұйытылған мұнай газының түсірілуі кезінде болған апаттан туындаған өрт салдарынан шыққан.
Жарылыстан зардап шеккендер қатарында құқық қорғау қызметкерлері мен құтқарушылар да бар. Сонымен қатар 16 бейбіт тұрғын, оның ішінде станция менеджері жарақат алған. Қазір олар әртүрлі ауруханаларда ем қабылдап жатыр.
05 шілде 2025 ж. 162 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930