» » Трамп: Үндістан Ресей мұнайынан бас тартты

Трамп: Үндістан Ресей мұнайынан бас тартты

Фото: Jonathan Ernst / Reuters
Үндістан Ресейден мұнай сатып алуды тоқтатты. Бұл туралы Дональд Трамп Truth Social желісінде Үндістан премьер-министрі Нарендра Модимен телефон арқылы сөйлескеннен кейін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Дональд Трамптың айтуынша, Вашингтон мен Нью-Дели саудаға қатысты келіспеушіліктерді реттеп, жаңа келісімге келген. Келісім аясында АҚШ Үндістан тауарларына салынатын кедендік баж салығын 25 пайыздан 18 пайызға дейін төмендеткен.
Сондай-ақ ол Үндістан энергия ресурстарын АҚШ пен Венесуэладан импорттауға көшетінін айтты. Оның пікірінше, бұл Украинадағы соғыстың аяқталуына ықпал етуі мүмкін.
Үндістан тарапы америкалық тауарларға қатысты барлық тарифтік және тарифтік емес кедергілерді жоюды және АҚШ-тан 500 миллиард доллардан астам сомаға өнім сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл қатарға энергия тасымалдаушылары, технологиялар және ауыл шаруашылығы өнімдері кіреді.
Осы ретте Трамп Үндістанның Ираннан мұнай импорттаудан бас тартқанын да атап өтті.
04 ақпан 2026 ж. 196 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 078
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 288

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031