» » Трамп Иранмен кәсіп жүргізетін барлық елге 25 пайыздық баж салығын енгізді

Трамп Иранмен кәсіп жүргізетін барлық елге 25 пайыздық баж салығын енгізді

Фото: Anna Moneymaker / Getty Images
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен сауда-саттық жасайтын барлық елге 25 пайыздық баж салығын енгізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Осы сәттен бастап Иран Ислам Республикасымен кәсіп жүргізетін кез келген ел АҚШ-пен жасалатын барлық іскерлік операциялар бойынша 25 пайыздық баж салығын төлейтін болады. Бұл жарлық түпкілікті және қайта қарауға жатпайды», деп жазды Ақ үй басшысы Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Трамптың айтуынша, 25 пайыздық баж салығы Иран үкіметіне қысым көрсету құралы ретінде қолданылмақ. Ол елдегі наразылық шерулерін күшпен басып-жаншып отырған билікке осылайша ықпал етуді көздейді. 
Bloomberg агенттігінің мәліметінше, Иранның негізгі сауда серіктестері қатарында Үндістан, Қытай және Түркия бар. Агенттік атап өткендей, Қытай өнімдеріне қосымша 25 пайыздық тариф енгізілуі Трамптың өткен жылдың соңында Си Цзиньпинмен жасаған сауда бітіміне нұқсан келтіруі мүмкін.
Айта кетейік, Ирандағы жаппай тәртіпсіздіктер желтоқсан айының соңынан бері жалғасып келеді. Олар бастапқыда риал бағамының күрт құлдырауы мен елдегі экономикалық жағдайдың нашарлауына байланысты басталған. Кейбір қалаларда митингілер күштік құрылымдармен қақтығысқа ұласып, қолданыстағы саяси жүйеге қарсы ұрандармен қатар жүрген.
Iran Human Rights (IHR) құқық қорғау ұйымының деректеріне сәйкес, 12 қаңтар кешіндегі жағдай бойынша Иран билігінің наразылықтарды басып-жаншу барысында кемінде 648 адам қаза тапқан, олардың ішінде тоғыз кәмелетке толмаған бала бар. Алайда кейбір бағалаулар бойынша қаза тапқандар саны 6 мыңнан асып кеткен. Бұл туралы Норвегияда орналасқан ұйым өкілдері нақтылады.
Құқық қорғаушылардың айтуынша, Иранда интернеттің 100 сағаттан астам уақыт бойы бұғатталуына байланысты бұл ақпаратты тәуелсіз түрде тексеру «өте қиын». Олардың бағалауынша, шамамен 10 мың адам қамауға алынған.
Күні кеше АҚШ президенті Дональд Трамп Ирандағы интернетті қалпына келтіру мәселесін талқылау үшін миллиардер Илон Маскпен сөйлесуді жоспарлап отырғанын айтқан еді.
Сонымен қатар Иран үкіметі жаппай наразылық кезінде қаза тапқан қауіпсіздік күштерінің қызметкерлерін еске алу мақсатында үш күндік ұлттық аза тұту жариялады. 
14 қаңтар 2026 ж. 41 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№3 (10471)

13 қаңтар 2026 ж.

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 220
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 100

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031