» » Трамп мыс импортына 50 пайыздық салық енгізуді жоспарлап отыр

Трамп мыс импортына 50 пайыздық салық енгізуді жоспарлап отыр

АҚШ президенті Дональд Трамп мыс импортына жаңа 50 пайыздық баж салығын енгізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz CNN телеарнасына сілтеме жасап.
Алайда аталған салықтың нақты қай уақытта күшіне енетіні әзірге белгісіз.
Биыл ақпанда Дональд Трамп ұлттық қауіпсіздік мүддесіне сүйене отырып, мыс импортына қатысты тергеу жүргізу туралы тапсырма берген болатын. Аталған заң аясында Президент кейбір өнімдерге жоғары тарифтер енгізе алады.
Мыс — электроника, тұрмыстық техника және автокөлік өндірісі үшін маңызды шикізат көзі. Сарапшылардың пікірінше, бұл бастама АҚШ-та аталған өнімдердің қымбаттауына әкелуі мүмкін. Сауда министрлігінің мәліметінше, өткен жылы Америка Құрама Штаттарына 17 миллиард доллар көлемінде мыс импортталған.
Айта кетейік, Трамптың мәлімдемесінен кейін Нью-Йорктегі биржада мыс бағасы күрт өскен. Фьючерстік келісімдер 15 пайызға көтеріліп, бір фунты 5,68 долларға дейін жеткен.
Сондай-ақ, Президент фармацевтикалық өнімдерге 200 пайыздық баж салығын енгізуді де жоспарлап отырғанын жеткізді. Бұл шара отандық өндірісті ынталандыру үшін қолға алынады. Дегенмен, нақты енгізілу мерзімі кейінге шегерілуі мүмкін. Осы орайда Трамп Америкада дәрі-дәрмек өндірісін ұлғайту қажет екенін айтып, басқа елдерге тәуелділіктен арылу керек деген пікір білдірген.
Бұған қоса, Дональд Трамп жақында 1 тамызға жоспарланған сауда баждарының күшіне ену мерзімі кейінге қалдырылуы мүмкін екенін де жоққа шығармады. Бұл туралы ол дүйсенбі күні Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен Ақ үйдегі кездесудің алдында журналистер сұрағына жауап бергенде айтқан.
10 шілде 2025 ж. 104 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930