» » Жапонияда теңіз жағасындағы үй 6,5 млн теңгеге сатылымға шықты

Жапонияда теңіз жағасындағы үй 6,5 млн теңгеге сатылымға шықты

Жапонияда теңіз жағалауындағы шағын үй бар болғаны 6,5 млн теңгеге сатылымға қойылды. Бұл туралы TrendWatching Telegram-арнасы жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Арнаның ақпаратынша, аталған сомаға сатып алушы екі қабатты, теңізге панорамалық көрінісі бар үйге ие болады. Сонымен қатар нысанда қайыққа арналған гараж, зат сақтауға арналған қосымша орын және шағын жеке ауласы бар екені көрсетілген.
Сатылым туралы хабарландыру фотосуреттермен бірге берілген.
Жылжымайтын мүлік Окиносима өңірінде орналасқан. Бұл – Жапонияның батысындағы, Симанэ префектурасына қарасты, Жапон теңізіндегі шалғай арал. Ол Оки аралдары архипелагының құрамына кіреді және ерекше табиғатымен, көне тарихымен, сондай-ақ дәстүрлі өмір салтымен танымал.
18 қаңтар 2026 ж. 204 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 443

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30