» » Жапонияда екі аптада 865 жер сілкінісі тіркелді

Жапонияда екі аптада 865 жер сілкінісі тіркелді

Жапонияның оңтүстік-батысындағы Токара аралдарында сәрсенбі күні қатарынан бірнеше күшті жер сілкінісі тіркелген. Бұл өңірде соңғы екі аптаға жуық уақыт бойы қайталанатын жер асты дүмпулері жалғасып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жапонияның Метеорология агенттігінің дерегінше, сағат 15:26-да болған 5,5 магнитудалы жер сілкінісі Кагосима префектурасына қарасты Кодакара аралында жапондық 7 балдық сейсмикалық шкала бойынша 5 балл деңгейінде тіркелген. Цунами қаупі туралы ескерту жарияланған жоқ.
Бұл дүмпу таңғы 4:32-де сол өңірде болған 5,1 магнитудалы жер сілкінісінен кейін тіркеліп отыр. Ол 16 шақырым тереңдікте болған. Ал 5,5 магнитудалы кейінгі сілкініс 10 шақырым тереңдікте болған.
Сонымен қатар, Акусэки аралында таңертеңгі дүмпу 5 балдан төмен деңгейде сезілген.
Агенттіктің мәліметінше, дүйсенбі күні халқы 89 адамды құрайтын аралда да 5 балдан төмен тағы бір жер сілкінісі тіркелген. 
Айта кетейік, 21 маусымнан бастап Якусима мен Амами-Осима аралдарының маңында орналасқан осы ауданда 865 жер сілкінісі тіркелген. Олардың барлығы 1 балдан жоғары болған. Бұл көрсеткіш сәрсенбі күнгі сағат 9:00-дегі жағдай бойынша берілген.
Жергілікті метеорологиялық бөлімше тұрғындарды абай болуға шақырады, себебі жақын күндері 5 балл шамасында жаңа сілкіністер болуы мүмкін
04 шілде 2025 ж. 277 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 755
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930