» » ChatGPT-де ата-ана бақылауы пайда болды

ChatGPT-де ата-ана бақылауы пайда болды

Фото: Pixabay.com

OpenAI компаниясы әрі чат-боттың әзірлеушісі жасөспірімдер мен олардың ата-аналарының аккаунттарын байланыстыруға мүмкіндік беретінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ата-аналар жасөспірімдердің белгілі бір контентке қолжетімділігін шектей алады, "үнсіздік режимін" орната алады, сондай-ақ ChatGPT-дің алдыңғы чаттарды есте сақтап-сақтамауын бақылай алады.
Дегенмен компанияның айтуынша, ата-аналардың жасөспірімдердің чат мәтіндеріне қол жеткізу мүмкіндігі болмайды. Сонымен қатар егер нейрожелі жасөспірімнің дағдарыста екенін байқаса, OpenAI қызметкерлері ата-аналарына шұғыл хабарлама жібереді.
Reuters-тің жазуынша, бұл жаңа мүмкіндік Калифорниядан шыққан 16 жастағы оқушы Адам Рейннің өліміне қатысты оның отбасының OpenAI мен оның бас директоры Сэм Альтманға қарсы сот ісі аясында пайда болды.
Рейн 2025 жылдың сәуірінде бірнеше ай бойы ChatGPT-мен осы тақырыпта сөйлескеннен кейін өзіне қол жұмсаған. Отбасы чат-бот баланың суицидті жоспарлауына көмектесті деп мәлімдейді.
Әсіресе жасөспірімдер чат-ботқа кеңес беріп, ішкі сезімдерін бөлісуге бейім, бұл оларды қоршаған ортадан оқшауландыруы ықтимал. Сарапшылар жасанды интеллектіні тек көмекші құрал ретінде қолдану қажет екенін атап көрсетеді.
03 қазан 2025 ж. 175 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 206
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 78

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031