» » iPhone-ға ChatGPT функциясы енгізілмек

iPhone-ға ChatGPT функциясы енгізілмек

Фото: pathofex.com
Apple компаниясы iPhone-ға чат-бот функциясын енгізу үшін OpenAI-мен серіктестік орнатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bloomberg басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Басылымның хабарлауынша, ChatGPT алдағы iOS 18 операциялық жүйесіне енгізіледі. 
Еске салайық, 2024 жылы наурыз айында Apple компаниясы Google-мен келіссөз бастаған еді. Компания iPhone-ға Gemini AI мүмкіндіктерін қосқысы келді. Алайда ол кезде келіссөздер сәтсіз аяқталды. Десе де Apple өз мақсаттарына жетуді жалғастырып жатыр. Apple, OpenAI және Google өкілдері түсініктеме беруден бас тартты.
Айта кетейік, бұған дейін 2024 жылы iPhone 16 смартфоны Apple тарихындағы ең үлкен экранмен шығатыны туралы хабарлаған едік. 
Қазір Apple смартфонының желісі төрт құрылғымен ұсынылған. iPhone 15 және 15 Pro үлгілері 6,1 дюймдік экранға ие, iPhone 15 Pro және 15 Pro Max 6,7 дюймдік экранға ие.
Қазан айының соңында Haitong International Securities сарапшысы Джефф Пу iPhone 16 және iPhone 16 Plus A18 процессорын алатынын айтты. Сонымен бірге 16 Pro және 16 Pro Max флагмандық үлгілері A18 Pro чипімен шығады.
14 мамыр 2024 ж. 150 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№59 (10324)

27 шілде 2024 ж.

№58 (10323)

23 шілде 2024 ж.

№57 (10322)

20 шілде 2024 ж.

Оқиғалар

Көк тәбішке

Көк тәбішке

12 шілде 2024 ж.

Сұхбат

Әйел алмайтын асу жоқ
16 шілде 2024 ж. 170

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 437

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031