» » Қытайда жұмысқа барғысы келмейтіндерге арналған клиника ашылды

Қытайда жұмысқа барғысы келмейтіндерге арналған клиника ашылды

Қытайда жұмыспен байланысты мазасыздық пен күйзелісті емдеуге бағытталған ерекше «Жұмысқа барғысы келмейтіндер» клиникасы ашылды. Бұл бастама бұған дейін іске қосылған «Мектепке барғысы келмейтіндер» клиникасының жалғасы, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аталған клиника дәстүрлі қытай және батыс медицинасын біріктіретін аурухананың базасында ашылып, амбулаториялық қызметті екі ай бұрын бастаған. Ол жұмысқа бару қажеттілігі адамдарға ауыр психологиялық жүктеме тудырғанда көмек көрсетуді мақсат етеді.
Клиника басшысы Юэ Лиминнің айтуынша, бұл бастама ата-аналар тарапынан түскен сұрақтан кейін пайда болған.
«Бұрын балаларын «Мектепке барғысы келмейді» деп әкелген ата-аналар арасында «Ересектерге арналған, жұмысқа барғысы келмейтіндер үшін де клиника бар ма?» деп сұрағандар болды», дейді ол.
Клиника шаршау, күйзеліс, эмоционалды тұрақсыздық, жұмыстың мәнсіздігі сияқты проблемаларға тап болған адамдарға көмек беруді көздейді.
Юэ Лиминнің айтуынша, бұл симптомдардың түп-төркіні көбіне терең психологиялық немесе әлеуметтік себептерге байланысты болады. Науқастың жағдайын стигма тудырмай жеткізу үшін мекеменің атауы да бейтарап етіп қойылған.
Диагностика процесі науқастың эмоционалды жағдайын бағалаудан басталады. Сонымен қатар гипертиреоз сияқты органикалық аурулармен байланысты белгілерді жоққа шығару үшін медициналық тексеру де жүргізіледі. Кейін әр адамға жеке емдеу жоспары әзірленеді.
Юэ Лиминнің айтуынша, әзірге клиникаға келушілер саны көп емес. Дегенмен бұл бастама Қытайдағы әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып жатыр. Көптеген қолданушылар бұл жаңалықты әзіл-сықақпен қабылдаған.
«Мұндай клиниканы ойлап тапқан адам – нағыз данышпан! Бірақ клиникада дәрігер жоқ, өйткені олар да жұмысқа барғысы келмейді», деген сияқты пікірлер желіде тарап жатыр.
24 шілде 2025 ж. 87 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930