Құрылтай
» » Вьетнамда туристік кеме аударылып, 34 адам қаза тапты

Вьетнамда туристік кеме аударылып, 34 адам қаза тапты

Вьетнамда туристер мінген Wonder Sea катері кенеттен басталған дауыл салдарынан суға аударылып, 34 адамның өмірі қиылды. Тағы 11 адам құтқарылды, деп хабарлайды Egemen.kz РБК дерегіне сілтеме жасап.
Оқиға туристік круиз кезінде болған. Катерге барлығы 53 адам мінген — 48 турист және 5 экипаж мүшесі.
Құтқару операциясы кезінде драмалық сәт тіркелді: 14 жастағы жасөспірім суға толған каютада тірі қалған. Ол іште қалғанда ауа көпіршігінің арқасында біраз уақыт тыныс алып отырған. Құтқарушылар иллюминатордың әйнегін бұзып, баланы судан аман алып шықты.
Вьетнамдық билік пен құтқару қызметі оқиғаның алдын ала себебі ретінде найзағаймен қатар соққан күшті жел мен дауылды атады. Катер ауа райының бұзылуынан апатқа ұшыраған.
20 шілде 2025 ж. 224 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 590
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 051

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31