» » Иранда құлаған ұшақтан студенттің хаты табылды

Иранда құлаған ұшақтан студенттің хаты табылды

Бүгін таңертең Тегеран әуежайының маңында 179 жолаушы мінген украиналық ұшақ құлады, жолаушылар мен экипаж мүшелерінің бәрі көз жұмған. Құтқарушылар ұшақ үйінділерінің арасынан ирандық студенттің хатын тапты, деп хабарлайды sputniknews.kz Mash Telegram-каналына сілтеме жасап.

Онда студент емтиханды сәтті тапсыру үшін құдайдан көмек сұраған.
Ұшақта канадалық студенттер көп болған. Олар билет арзан болғандықтан украиналық әуе компаниясының қызметін пайдаланыпты. Бүгін таңертең шетелдік студенттер рождестволық демалыстан соң үйлеріне қайтып бара жатқан. БАҚ-тың хабарлауынша, ұшақ апатынан қаза болғандардың басым көпшілігі Иран және Канада азаматтары. Сонымен қатар ұшақтың ішінде Германия, Ұлыбритания, Швеция, Украина және Ауғанстан азаматтары болған.

Украина билігі Boeing ұшағындағы барлық адамның қаза болғанын растады.

Ирандағы ұшақ апаты
8 қаңтарда Имам Хомейни атындағы Тегеран халықаралық әуежайының маңында украиналық Boeing 737 ұшағы апатқа ұшырады. Соңғы ақпаратқа сәйкес, бортта 179 адам отырған. Оның тоғызы экипаж мүшесі, барлығы Украина азаматтары. Сондай-ақ тағы екі украиналық жолаушы болған. Ұшақ апатынан барлық адам көз жұмды.
08 қаңтар 2020 ж. 961 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

№25 (10393)

08 сәуір 2025 ж.

№24 (10392)

05 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 598
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930