» » Бір тәулікте 100-ден астам палестиналық қаза тапты

Бір тәулікте 100-ден астам палестиналық қаза тапты

Соңғы бір тәулік ішінде Израиль армиясының әуе соққылары салдарынан Газа секторында  100 -ден астам адам қаза тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz  ТАСС-қа сілтеме жасап.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы 24 сағат ішінде Газа секторындағы ауруханаларға 105 адамның мәйіті мен 356 жаралы жеткізілген.
«Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің бір бөлігі әлі де қирандылар астында және жедел жәрдем мен азаматтық қорғаныс қызметтері жете алмай жатқан көшелерде жатыр», делінген хабарламада.
Сондай-ақ Израиль әскері гуманитарлық көмек тарату орындарында кезекте тұрған бейбіт тұрғындарға да шабуыл жасаған. Бұл шабуылдар салдарынан кемінде 7 адам көз жұмып, 74 адам жараланған.
Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, 2023 жылғы 7 қазаннан бері Израильдің әскери әрекеттерінен 57 523 адам қаза тауып, 136 617 адам жарақат алған.
Ал 2025 жылдың 18 наурызында Израиль қайта әскери операция бастағаннан бері 6 964 адам қаза тауып, 24 576 адам жараланған.
08 шілде 2025 ж. 317 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

№39 (10507)

26 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 231
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 782

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930