» » Теннеси штатында ұшақ апатқа ұшырады

Теннеси штатында ұшақ апатқа ұшырады

АҚШ-тың Теннесси штатында 20 адам отырған екі моторлы жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz ABC News-ке сілтеме жасап.
Апат Таллахома қаласында, Нэшвиллден оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 124 шақырым жерде, жергілікті уақыт бойынша сағат 12:30 шамасында болған. Ұшақ Таллахома әуежайынан әуеге көтерілгеннен көп ұзамай апатқа ұшыраған.
Апаттан қаза тапқандар жоқ. Алайда, борттағы алты адам түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Олардың бірінің жағдайы ауыр. Зардап шеккендердің екеуі тікұшақпен, қалған төртеуі жерүсті көлігімен тасымалданған. Ресми ақпаратқа сәйкес, ұшақта парашютпен секіретін әуесқой спортшылар болған.
АҚШ-тың Азаматтық авиация федералды басқармасы апаттың себебін анықтап жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін, мамыр айында, Калифорниядағы Сан-Диего маңында жеке ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тауып, сегіз адам жараланған болатын. 
09 маусым 2025 ж. 189 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№19 (10486)

14 наурыз 2026 ж.

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 617
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 405

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031