Құрылтай
» » Қырғызстанда 600-ден астам ресми тіркелмеген діни нысан анықталды

Қырғызстанда 600-ден астам ресми тіркелмеген діни нысан анықталды

Қырғызстанның Дін істері жөніндегі мемлекеттік комиссиясы 2021 жылдан бері ел аумағында бұрын салынған, бірақ ресми түрде тіркелмеген 644 діни объектіні анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұдан бөлек, 2023 жылдың басында елде 200-ден астам жаңа діни нысанның құрылысы жүріп жатқаны белгілі болған. Жергілікті әкімдіктер мен өзін-өзі басқару органдарына мұндай құрылыстарға қатысты көмек сұраған өтініштер күн сайын түсіп жатыр.
Алайда билік өкілдері бұл нысандардың халықтың нақты діни қажеттілігіне сай салынып жатпағанын алға тартқан. Кейбір елдімекендерде онға жуық мешіт немесе өзге де діни ғимараттар бір-біріне тым жақын орналасқан.
Осыған байланысты Қырғызстан Министрлер кабинеті діни нысандарды салу барысында нақты арақашықтық стандарттарын ұсынды.
Жаңа талаптарға сай:
  • Ауылдық жерлерде діни ғимараттар арасындағы қашықтық кемінде 2 км болуы тиіс;
  • Аудандық деңгейде — 3 км;
  • Қалаларда — 4 км-ден жақын болмауы керек.
Бұл өзгерістер діни инфрақұрылымды ретке келтіру және бірқатар әлеуметтік шиеленістердің алдын алу мақсатында қолға алынған.
Айта кетейік, бұған дейін Қырғызстан президенті Садыр Жапаров әйелдердің тұмшаланып киінуіне тыйым салатын жарлыққа қол қойған еді. 
09 сәуір 2025 ж. 349 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 590
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 051

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31