» » Өзбекстанда Temu маркетплейсіне шектеу енгізілмек

Өзбекстанда Temu маркетплейсіне шектеу енгізілмек

Фото: vaib.uz
Өзбекстанда Temu маркетплейсінің қызметін шектеу жоспарланып отыр. Себебі, танымал компания заң талаптарын бұзған көрінеді. Сондықтан, көрші елдің билігі тұрғандарды қытайлық онлайн-дүкеннен сауда жасамауға кеңес береді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жаңа қаулыға сәйкес Өзбекстан аумағында электрондық коммерциямен айналысу үшін шетелдік компаниялар міндетті түрде заңды тұлға ретінде тіркелуге тиіс. Жергілікті басылымдардың мәліметінше, Тemu өкілдері тіркеуден өтпеген әрі лицензия алуға да өтініш бермеген екен.
Жауапты агенттік қытайлық маркетплейстің жұмысын зерттеп, бөлшек сауда, жарнама жасау кезінде бірқатар заңбұзушылықтарды анықтаған. Сондай-ақ жеке деректер мен тұтынушылардың құқықтары дұрыс қорғалмағаны белгілі болыпты. Сондықтан Өзбекстанда арзан тауар сататын бұл платформа 20 наурызда бұғатталуы мүмкін.
Еске салайық, бұған дейін депутат Азат Перуашев Temu, Amazon, AliExpress сияқты сыртқы нарықтарға жаңа талаптар енгізу туралы бастама көтерген еді. Мәжілісмен реттеудің жоқтығы ел бюджетіне айтарлықтай шығын әкелетінін айтты.
10 наурыз 2025 ж. 291 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 262
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 800

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930