» » Индонезия билігі Қытайдың Temu интернет дүкенін қолданбадан алып тастауды бұйырды

Индонезия билігі Қытайдың Temu интернет дүкенін қолданбадан алып тастауды бұйырды

Фото: pymnts.com
Қытайдың Temu интернет дүкені Оңтүстік-Шығыс Азиядағы жаңа нарықты жаулап алуға тырысып жатыр. Дегенмен Индонезия билігі елдің шағын саудагерлерін қорғау үшін Temu-ды қолданбалар дүкенінен алып тастауды бұйырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Guardian басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Вьетнам үкіметі айдың соңына дейін Temu мен Shein интернет дүкеніне тыйым салатынын айтты. Cube деректерді талдау фирмасының негізін қалаушы Саймон Торрингтің айтуынша, арзан қытайлық өнімдердің тасқыны жергілікті жеткізушілер мен өндірушілерге зиянын тигізді.
"Temu барлық реттеуші органдардың жауына айналды. Қазір барлығын трансшекаралық импорт ережелерін өзгерту керек пе деген сұрақ мазалайды", – деді ол.
Taksa Toys Thailand операциялық директоры Пум Чотикаван балалар ойыншығының жергілікті өндірушісін таба алмай қиналып жүр. Себебі көптеген жеткізушілер жұмыстан шығып кеткен. 
Қытайлық бәсекелестердің күшеюіне байланысты барлық салалардағы 2000-ға жуық Тайланд зауыттары жабылып қалған. 
"Қытайдан өнім алу оңай болған емес. Сондықтан сатылым азайып кетті", – деді Чотикаван.
Temu 2023 жылы Филиппин мен Малайзиядан бастап Оңтүстік-Шығыс Азияда, одан кейін осы жылы Тайланд, Бруней және Вьетнамда сатылымын кеңейтіп жатыр. 
Temu-да 3 долларға (1 495 теңге) сатылатын сабаннан тоқылған сөмкелерді Индонезиядағы жергілікті сатушылар алты есе қымбатқа сатып жатыр. Вьетнам базарларында 15 долларға (7 479 теңге) сатылған күртешелерді Temu-да дәл осындай бағамен және тегін жеткізумен сатып алуға болады.
Тұтынушылар арзан тауарға қол жеткізуді ұлғайтқанымен, жергілікті бизнес өкілдері үкіметтің әрекетке көшуін қалайды.
Индонезия 2023 жылы электронды қолданбалар арқылы интернеттен зат сатып алуға тыйым салып, салықты көтерген еді.  
"Temu ештеңеге қарамастан, нарықты жеңуге тырысады. Бұл басқа нарықтарға сигнал: "Егер оңай болса, келеміз. Қиын болса, біз тағы да келеміз. Сіздер бізге ережелер мен не істеу керегін көрсетесіздер, бірақ біз бәрібір де келеміз", – деді Cube аналитикалық компаниясының негізін қалаушы.
Айта кетейік, бұған дейін Қытайдың жаңа маркетплейсі Temu-ға қарсы бірнеше айып тағылып, қауіпті деп танылған еді. Ал бірнеше елде оған тыйым салынған. 
19 қараша 2024 ж. 103 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031