» » Өзбекстанда қоғамдық шараларда тегін зат таратуға тыйым салынды

Өзбекстанда қоғамдық шараларда тегін зат таратуға тыйым салынды

Өзбекстанда көпшілік жиналатын орындарда тегін зат таратуға тыйым салынды. Қаулыға Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды
Сондай-ақ жарнама мақсатында өнімдерді тым арзан бағада сатуға шектеу қою көзделген.
Тәртіп бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Жаңашылдыққа маусымның басында Ташкент саябағында болған келеңсіз оқиға себеп болған. Балаларды қорғау күні тегін ойыншық таратылып, мыңдаған адам бір-бірін таптап кете жаздаған еді.
Кептеліс кезінде жеткіншектер жарақат алды. Қоғамдық іс-шараларды өткізу ережелерін бұзғаны үшін сол кезде саябақтың директоры, оның орынбасары мен жарнама бөлімінің басшысы 15 тәулікке қамалды.
02 шілде 2024 ж. 326 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 122
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 708

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031