» » Бүгіннен бастап Қазақстанға вейптерді әкелуге және сатуға тыйым салынды

Бүгіннен бастап Қазақстанға вейптерді әкелуге және сатуға тыйым салынды

Фото: imghub.ru
20 маусымнан бастап Қазақстанда вейптер мен оларға арналған сұйықтықтарды әкелуге, сатуға және таратуға тыйым салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті заңға 19 сәуірде қол қойған еді. Заң ресми жарияланғаннан кейін 60 күн өткен соң күшіне енді. Заңда шегуге болмайтын темекі өнімдерін, вейптерді, хош иістендіргіштерді және оларға арналған сұйықтықтарды сатуға және таратуға, оларды жарнамалауға тыйым салынған.
Қылмыстық кодекстің 301-бабы 1-бөліміне сәйкес: 
  • вейптерді сату және тарату – 200 АЕК дейін айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар не 50 тәулікке дейін қамауға алу;
  • әкелу және өндіру – 2000 АЕК дейін айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар, бұдан бөлек 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру;
  • егер бұл әрекеттерді қылмыстық топ жасаса, 5000 АЕК дейін айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 1200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар, не 5 жылға дейін бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған. 
Еске салайық, бұған дейін мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстанда вейп пен электронды темекінің айналымына тыйым салу туралы шешім шығаруды талап еткен. Ал мәжіліс депутаттары екінші оқылымда вейп таратуды реттейтін заң қабылдады. 
20 маусым 2024 ж. 249 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№7 (10375)

28 қаңтар 2025 ж.

№6 (10374)

24 қаңтар 2025 ж.

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 345
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031