» » Өзбекстан 160 миллион долларлық зауытта өз электромобильдерін шығара бастады

Өзбекстан 160 миллион долларлық зауытта өз электромобильдерін шығара бастады

Өзбекстан мен Қытайдың BYD Uzbekistan Factory бірлескен кәсіпорны алғашқы электр көліктерін шығаруды бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Kursiv.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 
160 миллион доллар тұратын зауыт 2024 жылдың қаңтарында жұмысын бастады. Ол жылына 50 мың электромобиль шығаруға қауқарлы. Оны іске қосу үшін 2 шақырымға жуық теміржол рельстері тартылып, жинақтаушы бұйымдар қоймасы мен 1,2 мың контейнерге арналған логистикалық орталық салынды. Қазіргі уақытта мұнда Chazor және Song Plus Champion модельдері шығарылады. Алдағы жылдары модельдер ауқымын кеңейту жоспарланып жатыр.
Зауытта қытайлық заманауи қондырғылар мен роботтық жүйелер орнатылғаны хабарланды. Өндіріс процесі толығымен автоматтандырылған. Электрлік көліктердің геометриялық өлшемдерін жоғары дәлдікпен сынау үшін зертхана құрылды.
Құны 300 миллион доллар болатын жобаның екінші кезеңі аясында өндірісті жылына 200 мың электромобильге дейін, ал үшінші кезеңде құны 500 миллион долларды құрайтын 500 мың электромобильге дейін жеткізу жоспарланып отыр.
Өзбек билігі электромобильдер санының өсуімен қатар оқшаулау деңгейі де біртіндеп артады дейді. Бампер, шыны, лакталған және пластмасса бөлшектер шығару жоспары да бар екен Алдағы уақытта аккумуляторлар, электр қозғалтқыштары, алюминий бөлшектері, дөңгелектер мен орындықтар шығарылмақ. 
Өзбекстан БАҚ-ның хабарлауынша, компания шанақтарды штамптау, дәнекерлеу және бояу жұмыстарын жолға қойған.
Кәсіпорында 1,2 мың адам жұмыс істейді. Өткен жылы UzAuto Motors зауыттарында 200 қызметкер оқытылды. Биыл тағы 92 маман Қытайдың Сиань және Чанша қалаларында тағылымдамадан өтеді. Үш кезең де жүзеге асқанда жұмыс орындарының саны 10 мыңға жетеді.
30 маусым 2024 ж. 363 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 415
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 217

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930