Құрылтай
» » Түркияда бұрын соңды болмаған суық: термометр бағаны минус 33-ке дейін төмендеді

Түркияда бұрын соңды болмаған суық: термометр бағаны минус 33-ке дейін төмендеді

Шығыс Анатолияда жаңа жыл ауа райының күрт суытуымен басталды. Бұл туралы azertag.az хабарлады. 
4 қаңтарға қараған түні Эрзурум провинциясының Текман ауданында термометр рекордтық минус 33,1 градусқа дейін төмендеген. 

Түркияның метеорологиялық бас басқармасы Эрзурумдағы Гаджиомер ауылын «елдегі соңғы 24 сағаттағы ең суық нүкте» деп жариялады.

Өзендер мен көлдерді мұз басып қалды. Тұрғындарға аса қажет болмаса көшеге шықпауға кеңес берілді.

Ардахан провинциясының Геле ауданында 28,8 градус аяз, Эрзинджанның Чайырлы ауданында - минус 27,8, Ванның Чалдыран ауданында - минус 26,6, Сарыкамышта (Карс) - минус 22,1 болды.

Метеорологиялық орталықтың хабарлауынша, Түркияның шығысындағы қатты аяз 8 қаңтарға дейін жалғасады.

kaz.inform.kz
04 қаңтар 2025 ж. 476 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№52 (10520)

14 шілде 2026 ж.

№51 (10519)

09 шілде 2026 ж.

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 476
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 971

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031