» » Малайзия мен Таиландтағы су тасқынынан 30-дан астам адам көз жұмды

Малайзия мен Таиландтағы су тасқынынан 30-дан астам адам көз жұмды

Малайзия мен Таиландтың оңтүстігінде муссондық жаңбырдан туындаған қатты су тасқыны 30-дан астам адамның өмірін қиды. Сондай-ақ ондаған мың тұрғын үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған. Екі ел де толассыз жауған жаңбырға байланысты баспаналар мен эвакуация жоспарларын әзірлеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Associated Press агенттігіне сілтеме жасап.
Малайзия премьер-министрі Анвар Ибрагим өткен аптада елдің шығыс жағалауында болған бес күндік жаңбыр соңғы алты айдағы жауын-шашынға тең болғанын және солтүстік-шығыстағы Келантан мен көрші Теренггану штаты шығынға ұшырағанын айтты.
Шенеуніктердің айтуынша, су тасқыны күріш алқаптарының үлкен бөлігін басып, фермерлерге миллиондаған доллар шығын әкелген. Сондай-ақ нөсер Келантан мен Малайзияның басқа бөліктерінде жолдарды, үйлерді және қоғамдық инфрақұрылымды зақымдаған.
Премьер-министр бүлінген инфрақұрылымды қалпына келтіруге шамамен 1 миллиард ринггит (224 миллион доллар) қажет екенін мәлімдеді.
Табиғи апаттарды басқару ұлттық орталығының мәліметінше, жеті штаттан 85 000-ға жуық адам эвакуациядан кейін мектептерде, қоғамдық орталықтар мен көмек көрсету орталықтарында қалған.
Су тасқыны салдарынан Малайзияда кем дегенде алты адам қаза тапты, ал Таиландтың оңтүстігінде қаза тапқандар саны одан да көп екені хабарланды.
Толастаған судан 300 мыңнан астам үй шаруашылығы мен мектептер, медициналық мекемелер зардап шеккен. 
04 желтоқсан 2024 ж. 224 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 216

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930