» » Францияның орталығын су басты

Францияның орталығын су басты

Францияда 17-19 қазан аралығында толассыз жауын жауып, елдің орталық бөлігін су басты, деп жазады Egemen.kz.
Франциялық БАҚ мұндай топан су ел аумағында кейінгі 40 жылда болмағанын атап өтті. 
Ал француз метеорологтары оңтүстіктегі Ардеш және Лозер аймағының кейбір аудандарында 48 сағат ішінде 700 миллиметрге дейін жаңбыр жауғанын мәлімдеді. 
Франция премьер-министрі Мишель Барньенің айтуынша, төтенше жағдай болған уақытта мамандар 2300-ге жуық құтқару операциясын өткізген. 1000-нан аса адам эвакуацияланған. 
«Біз климаттың осындай тосын мінезіне дайын болуымыз керек. Мен төтенше жағдайларға Еуропа елдері біріге алдын алу шараларын ұйымдастыру керек деп ойлаймын. Тәжірибе көрсеткендей топан судың салдарымен емес, алдын ала себебін анықтап, оған жол бермеу экономикалық тұрғыда да әлдеқайда тиімді», деді Франция премьер-министрі.
Сондай-ақ, су тасқыны кезінде Лион мен Сент-Этьен қалалары арасында темір жол қатынасы үзілген. Күре жолды да су шаюына байланысты көлік қатынасы тоқтатылған. 
19 қазан күні Метео-Франция күн райының қолайсыздығына байланысты қойылған қауіптің қызыл белгісін жойды. Деседе оңтүстік-батыс аудандарда әлі де нөсер жауын салдарынан су тасқыны болуы мүмкін екенін ескертті.
Бүгінде ел аумағын судан тазарту, инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстары басталып кеткен. 
21 қазан 2024 ж. 326 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 805
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 506

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930