» » Елбасы Малайзия Премьер-министрі Махатхир Мохамадқа құттықтау жеделхатын жолдады

Елбасы Малайзия Премьер-министрі Махатхир Мохамадқа құттықтау жеделхатын жолдады

Елбасы Малайзия Премьер-министрі Махатхир Мохамадқа құттықтау жеделхатын жолдады
Нұрсұлтан Назарбаев Махатхир Мохамадты Парламент сайлауында «Үміт альянсы» коалициясының жеңіске жетуімен және Малайзия Премьер-министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Сайлау нәтижелері Сіздің парасатты басшылығыңызбен Малайзияның келешекте жаңа белестерді бағындыратынына халықтың сенім артып отырғанын көрсетті. Бұған Сіздің 1981-2003 жылдарда Малайзияның қарқынды дамуына қосқан өлшеусіз үлесіңіз дәлел бола алады.
Қазақстан мен Малайзия арасындағы достық қарым-қатынас жылдан жылға нығайып, жан-жақты өркендеп келеді», – делінген жеделхатта.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы екі ел арасындағы жемісті ынтымақтастықтың одан ары дами беретініне сенім білдірді.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Махатхир Мохамадқа жауапты лауазымда табыс, ал Малайзия халқына бейбіт өмір мен бақ-береке тіледі.
13 мамыр 2018 ж. 1 331 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

№64 (10532)

24 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 200

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930