Соңғы елу жылда Жердегі жабайы жануарлардың саны 73%-ға қысқарды
Фото: pexels.com
1970 жылдан 2020 жылға дейін әлемдегі жабайы жануарлар популяциясының саны 73% төмендеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Livingplanet.panda.org порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Ғаламшардың индексі – мұнда эколог мамандар табиғаттың жағдайын түсініп, оны қорғау шараларын басқару үшін қолданатын негізгі көрсеткіш.
Индексте әлемдегі жабайы жануарлардың, соның ішінде сүтқоректілердің, құстардың, амфибиялардың, бауырымен жорғалаушылардың және балықтардың бақылаудан кейінгі орташа тенденциясын көрсетеді. Осы арқылы жойылып кету қаупінің өсуі және экожүйенің функциясы мен тұрақтылығын жоғалту ықтималдығын алдын алуға септеседі.
Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының баяндамасында әлем бойынша бақылауға алынған популяциялардың деректерін жинап, талдауға бір жылдан астам уақыт жұмсады. Нәтижесінде 34 836 популяция мен 5 495 түрдің мәліметін интеграциялай отырып, биылғы индикаторын жаңартты.
Ғаламдық табиғат индексі 1970 жылдан 2020 жылға дейін жабайы жануарлар популяциясының бақылаудағы саны орташа есеппен 73% азайғанын білдіреді. Әсіресе Латын Америкасы мен Кариб бассейні аймағында (95%) және Африкада (76%) күрт төмендеу байқалған.
"Әлемдегі ең биоалуан аймақтардың жабайы жануарлар популяциясы орасан жылдамдықпен қысқарған. Ең үлкен алаңдаушылық туғызып отырғаны – тұщы су тірі табиғаттың индексі. Мұнда бақылаудағы балықтар, құстар, сүтқоректілер, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың популяциялары 85% төмендеген. Біз жабайы табиғат күресті жалғастырған сайын маңызды экожүйенің қайтымсыз өзгерістерінің қауіпті шегінен асып кету қаупін арттырып отырмыз", – деп ескертеді зерттеушілер.
Жабайы жануарлар популяциясының қысқаруына әлем бойынша негізгі факторлар – тіршілік ету ортасының бұзылуы және жоғалуы, табиғат ресурстарын шамадан тыс пайдалану, ластану, климаттың өзгеруі және аурулар. Әсіресе, адамдардың ықпалынан кейін алаңдатарлық статистиканың қозғаушы күші болуы мүмкін.
Биоалуандық туралы деректердің қолжетімдігі өте аз, себебі деректерді жинауға, талдауға және есептерде, ғылыми журналдарда және басқа да дереккөздерде жариялауға уақыт қажет. Сондықтан биылғы есепке 2020 жылдан бастап ақпараттар жинақталған.
Зерттеушілер әлемдік көшбасшыларды бұрын келісілген биоалуантүрлілікті сақтау міндеттемелерін күшейтіп, жүзеге асыруға шақырады. Авторлар бұл жағдайдың нашарлауын баяулататын шаралардың бірі ретінде әлемдік көшбасшыларға өз елдеріндегі зиян қалдықтарды азайтуға міндеттейтін келісім жасауға ұсыныс тастады.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның Балқаш өңіріне Нидерландыдан екі жолбарыс әкелінгенін жаздық. Жыртқыштың бұл түрі суық ауа райына да шыдай алатыны айтылды. Олар Іле-Балқаш қорығына қоныстанды. Олар – қатал ауа райында өмір сүруге бейімделген амур жолбарыстары.