» » Қытай зонды Айдың арғы жағына қонды

Қытай зонды Айдың арғы жағына қонды

Қытай ұлттық ғарыш басқармасы Айдың арғы жағына "Чанъэ-6" зондының сәтті қонғанын мәлімдеді. 2 маусымда Бейжің уақытымен 6:23-те жерге қонды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі DW-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Деректерге сүйенсек, келесі үш күнде құрылғы 2 келіге дейін ай топырағы үлгілерін жинап, содан кейін оларды Ай бетінен көтерілу мүмкіндігі бар құрылғыға жүктейді деп болжанып отыр.
Осылайша, капсуламен Ай орбитасында түйісіп, кейін миссия Жерге оралады. Жалпы 3 мамырда басталған миссия 53 күнге созылады. Сонымен қатар Айдың арғы жағы Жерден ешқашан көрінбейді және онымен тікелей радиобайланыс орнату мүмкін емес.
Десе де Қытай бұрын Айдың арғы бетінен құрылғыны қайтару миссиясын орындаған.
Қытайдың Ай бағдарламасы Жердің спутнигінде өмір сүруге қолайлы база құру мақсатында Айды ауқымды зерттеуді қамтиды, әсіресе Айдың арғы жағы – Оңтүстік полюс су мұзы болуы мүмкін болғандықтан зерттеушілерді қызықтырады.
Еске салайық, 27 мамырда аустралиялық ғалымдар көлемі Жермен бірдей жаңа планетаны тапқанын жаздық. Аспан денесі бізден 40 жарық жылы қашықтықта орналасқан, бұл ғарыштық стандарттар бойынша өте жақын. Зерттеушілер онда бір жыл небәрі Жердегі 13 күнмен сәйкес келетінін айтты.
02 маусым 2024 ж. 377 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (10477)

03 ақпан 2026 ж.

№8 (10476)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 359
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 215

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728