» » Мамыр мерекелерінде 2 ірі астероид Жерге жақын ұшады

Мамыр мерекелерінде 2 ірі астероид Жерге жақын ұшады

6 және 9 мамырда екі ірі астероид Жердің маңына жақын ұшып өтеді, деп хабарлайды Astro News.
АҚШ - NASA Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқармасы серіктес телескоптар желісі мен Планетарлық қорғаныс үйлестіру бюросы арқылы барлық астероидты бақылайды. Басқарма оларды Жер үшін қауіпті және қауіпсіз деп жіктейді. Екі астероидтың – 2009 JF1 және 467460 (2006 JF42) жуырда Жерге жақындауына келетін болсақ, хабарламада олардың ұшып өтуінен қауіп жоқтығы айтылады. 2009 JF1 астероидының диаметрі - шамамен 10 метр ғана және ол 2022 жылдың ақпан айында Еуропалық ғарыш агенттігінің бақылау тізімінен шығарылды. Бақылаулар оның Жермен соқтығысу ықтималдығы аз екенін көрсеткен болатын. Екінші 2006 JF42 астероиды анағұрлым ірі, диаметрі – 380-нен 860 метрге дейін. Сонымен қатар, ол біздің планетамызға 5,7 млн шақырымға жақындайды. Бұл - Жер мен Айдың орташа қашықтығынан 14 есе артық. NASA-ның соңғы ақпаратына сәйкес, «Бақытымызға қарай, кем дегенде 100 жыл бойы Жерге белгілі бір астероидтық қауіптер төніп тұрған жоқ». Бұған дейін алғашқы жеке ғарыш миссиясы ХҒС-ға жеткенін хабарлаған едік.
06 мамыр 2022 ж. 2 446 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031