» » Әлемнің мегаполистеріндегі халық саны артып келеді

Әлемнің мегаполистеріндегі халық саны артып келеді

Әлемнің мегаполистеріндегі халық саны артып келеді Халықтың жаппай ірі қалаларға қоныс аударуының пайдасымен қатар зияны да бар.
Мәселен, АҚШ халқының 80 пайызы қазір қалалық жерлерде тұрады. Салдарынан қоршаған ортаға бөлінетін зиянды газдың көлемі артып, экологияға орны толмас залал келіп жатыр. Бұған қоса урбанизация үрдісі қоғамдық көліктер қозғалысына, қаланың инфрақұрылымына және әлеуметтік-экономикалық жағдайына айтарлықтай әсер етеді. Қалалардың тұрақты дамуына арналған форумда БҰҰ Бас хатшысының бірінші орынбасары Амина Мохаммед осылай деп мәлімдеді. Осыған орай мамандар көші-қонды тиімді жүргізудің жолдарын іздеп әлек.
Амина Мохаммед, БҰҰ Бас хатшысының бірінші орынбасары:
- Қазір әлемдегі 4 миллиардқа  жуық адам қалаларда тұрып жатыр. Бұл көрсеткіш күн өткен сайын арта берері анық. Мәселен, 2050 жылға қарай мегаполис тұрғындары 6 миллиардқа жетеді деп болжанып отыр. Сондықтан қазірден бастап  бұл үрдісті тиімді жүргізу жолдарын табуымыз керек және ол тұрақты дамудың қозғаушы күшіне айналуы тиіс.
24kz


08 мамыр 2018 ж. 1 056 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 326
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031