» » Тәж-Махалдың түсі өзгере бастады

Тәж-Махалдың түсі өзгере бастады

Үндістанның Жоғарғы Соты Үкіметке Тәж-Махалдың түсі өзгеруіне байланысты, сәулет ескерткішін сақтап қалудың жолдарын табу үшін шетелдік ғалымдарды шақырып, зерттеу жүргізуді тапсырды. 17-ғасырда ақ мәрмәрдан салынған сарайдың түсі соңғы уақытта сарғыш тартып, қоңыр, сұр түстерге ауыса бастағаны байқалған. Тәж-Махалдың түсінің өзгергенін дәлелдейтін суреттерді Сотқа қоршаған ортаны қорғау мамандары тапсырған.
Жоғарғы Сот өкілдері шетелден мамандар тарту туралы шешімін «Үндістандағы сала мамандары өз тәжірибесін дұрыс пайдаланбай отыр, болмаса Тәж-Махалдың тағдырына немқұрайлы қарайды» деп түсіндірді. Әлемнің әр бұрышынан миллиондаған туристерді тартатын сәулет өнері туындысының түсі өзгеруіне қоршаған ортаның ластануы, жәндіктер мен құрылыс жұмыстары әсер еткен деген болжамдар бар.
Үндістан үкіметі осыған дейін Тәж-Махалға жақын орналасқан зауыттарды жабу туралы шешім қабылдаған болатын. Бірақ қоғам белсенділері бұл шараның Тәж-Махалдың ерекше түсі мен жарқылын сақтауға әсері болмағанын айтады.
Сарай алдындағы Ямуна өзеніндегі қалдық сулар мыңдаған жәндіктердің осы аумақты мекендеуіне жол ашқан. Бұл жәндіктер ескерткіш қабырғасында әртүрлі дақтар қалдырып, мәдениет мұрасының өзгеріссіз сақталуына кедергі келтіріп отыр.
Тәж-Махалды Агра қаласында атақты Жақан шах өзінің жары Мұмтаз Махалға арнап салдырған. 22 жылға созылған құрылысқа 20 мың ұста, шеберлер жұмылдырылған. Шахтың дүние салған сүйіктісіне арналған нысан бүгінде «мәңгілік махаббаттың» символына айналды. ЮНЕСКО-ның мәдени мұрасына кіретін сарайға күніне 70 мың турист келеді.
Динара Тілеубек
04 мамыр 2018 ж. 1 147 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 395
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 196

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930