» » Ереванда халық ереуілге шығып, 46 адам жарақат алды

Ереванда халық ереуілге шығып, 46 адам жарақат алды

Ереванда халық ереуілге шығып, 46 адам жарақат алды
Армения астанасы Ереван қаласында халық жаппай ереуілге шығып, тәртіп сақшыларымен қақтығысты.
Салдарынан 46 адам жарақат алды. Наразылық шарасын ұйымдастырған парламент депутаты Никол Пашинян да зардап шеккен. Бұл туралы «Рейтер» агенттігі хабарлады. Ереуілге бұрынғы президент Серж Саргсянның премьер-министр лауазымына ұсынылуы түрткі болды. Шаһар көшелеріне мыңдаған адам шықты. Салдарынан қала орталығындағы қозғалыс пен бірқатар станцияның жұмысы тоқтады. Полицейлер ереуілшілерге қарсы көз шағылыстыратын граната қолданған. Жергілікті билік бас көтергендердің бұл әрекетін заңсыз деп танып отыр.
Айта кетейік, 2015 жылы бұл мемлекетте реформа жүргізіліп, Армения парламенттік республикаға айналған еді. Реформадан кейінгі алғаш премьер-министр сайлауы бүгін өтуі тиіс. Басқарушы партия бұл лауазымға елді соңғы 10 жылда басқарған Серж Саргсянды ұсынып отыр.
17 сәуір 2018 ж. 1 875 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

№20 (10487)

17 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 739
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 100

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 472

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031