» » Непалда компартия жетекшісі премьер-министр қызметіне тағайындалды

Непалда компартия жетекшісі премьер-министр қызметіне тағайындалды

Непал үкіметін 8 ай басқарған премьер-министр Шер Бахадур Деуба қызметінен алынып, оның орнына Непал коммунистік партиясының жетекшісі Кхадгу Прасада Шарма Оли тағайындалды.
Деубаның биліктен кетуіне өзі жетекшілік ететін «Непал конгресі» партиясының парламенттік сайлауда жеңіліп қалуы себеп. Өйткені қос коммунистік партиядан құралған солшыл одақ төменгі палатадағы 275 орынның 174-іне ие болды. Ал Непалда парламент төменгі палатасының сайлауы өткен жылы қараша мен желтоқсан айында өткізілген болатын. Бірақ сайлау комиссиясы оның қорытындысын өткен аптадағы жоғарғы палата сайлауы нәтижесі белгілі болмайынша жарияламай келді. Ал коммунистер бұл додада да жеңіске жетті. Олар 56 орынның 40-на иелік етеді.
16 ақпан 2018 ж. 1 514 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 969
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 202

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031