» » Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері әлем чемпионатында алтыннан алқа тақты

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері әлем чемпионатында алтыннан алқа тақты




Түркияның Стамбұл қаласында 4-7 қараша аралығында каратэ-додан әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері бақ сынап, жеңіс тұғырынан көрінді.
Атап айтсақ, Алишершарип Қонысбек 60 кг салмақта, Дамир Камал 67кг салмақта, Бақдаулет Кубаш 76 кг салмақта, Асемгүл Ердәулет 50 кг салмақ дәрежесінде қарсыластарынан оза шауып, Әлем чемпионатында алтын медаль иеленді. Спортшыларды тартысты додаға дайындауда, олардың жүлделі орыннан көрінуіне жаттықтырушы Н.Тойшыбаевтың еңбегі зор.
Бүгінде университетте Әлем чемпионатының 9 жеңімпазы мен жүлдегері, 27 Азия чемпионатының жеңімпазы мен жүлдегері және 120 Қазақстан чемпионатының жеңімпазы мен жүлдегері бар. Спортшыларымыз Қазақстан Республикасының намысын қорғап, ұлттық құрама команда сапасында жаттығады.


13 қараша 2021 ж. 1 084 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 216
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 398

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30