» » Қытай шекарасын жаба бастады

Қытай шекарасын жаба бастады

Кейбір еуропалық саяхатшылар Қытайға бару жоспарларынан бас тартуға мәжбүр. Коронавирустың таралуына байланысты аспан асты елі Бельгия, Ұлыбритания, Италия, Ресей және Франциядан келген қытай емес азаматтарға, соның ішінде жарамды визалары мен ҚХР-да тұруға рұқсаты бар адамдарға елге кіруге тыйым салды. Бұл туралы ru.euronews.com жазады.

Ауыр эпидемиологиялық жағдай қалыптасқан осы елдердегі Қытай елшіліктері бұл шара «мәжбүрлі және уақытша, бірақ халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді» деп түсіндірді. Бұл ретте дипломатиялық және қызметтік визалары, сондай-ақ, С санатындағы визалары бар адамдар үшін ерекшелік жасалады.
Еуропалық одақтың Қытайдағы сауда палатасы бұл шектеулердің қайтарылуына қатты алаңдаушылық білдіріп отыр. Оның мәлімдемесінде: «аталған елдердің көптеген азаматтары Қытайдан тыс жерлерде осындай шаралар алғаш рет наурыз айының соңында енгізілгелі бері қалып қойды» делінген.
Бұған дейін ҚХР Бангладеш, Үндістан және Филиппин азаматтарына елге кіруге рұқсатты алып тастаған болатын. Қытай билігінің мәліметінше, елде коронавирустық инфекцияның сырттан келген жағдайлары санының артып келеді, мысалы, қазан айында дәл осындай 515 жағдай тіркелген, бұл өткен айдың көрсеткішінен 45%-ға көп.
07 қараша 2020 ж. 601 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 339
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 118

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930