» » SOS: Аралда жоғалған үш адам құмдағы жазудың арқасында аман қалған

SOS: Аралда жоғалған үш адам құмдағы жазудың арқасында аман қалған


Үш ер адам моторлы қайықпен жүзуге аттанған, бірақ саяхат соңында жолдан адасып, елсіз аралда қалып қалған, деп хабарлайды Stan.kz.
Микронезияда жоғалған ер адамдарды австралиялық теңізшілер тапты. Олар құмдағы SOS деп жазылған үлкен жазбаны көріп, көмекке аттанды.

Бірінші тамызда Австралиялық теңізшілерден Микронезияның жоғалған тұрғындарын іздеуге көмек сұраған.

Үш ер адам көрші аралға бармақшы болып, жолда адасып кеткен. Олар туралы үш күн бойы ешқандай ақпарат болмаған, деп хабарлады Австралияның Қорғаныс министрлігі.

Екінші тамызда Канберра десанттық кемесінің тікұшақтары кішкентай Пикелот аралынан өтіп, құмда жазылған көмек туралы сигнал – SOS жазбасын көрді. Хабар-ошарсыз кеткен микронезиялықтар құтқарылды.

Құтқарылған ер адамдар жолдан адасқандарын айтты. Олар шамамен 35 шақырым жүзуі керек болған, бірақ барлық отынды жұмсап қойғандықтан, алғашқы кезіккен жерді пана етуге мәжбүр болды.
05 тамыз 2020 ж. 922 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 114
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 701

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031