» » Жайлы өмір іздеген 600-ден астам адам ашық теңізде құтқарылды

Жайлы өмір іздеген 600-ден астам адам ашық теңізде құтқарылды

Испанияға қоныс аудармақшы болған 600-ден астам босқын теңізден табылды. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлап жатыр.Барлығы да Африка елдерінің азаматтары. Бас сауғалап қашқандар кәрі құрлыққа қайықпен жетпекші болған. Олар тиісті орындарға орналастырылды.
Айта кеткен жөн, соңғы айларда Пиреней түбегіне ағылған мигранттар легі көбейіп келеді.
Халықаралық көші-қон ұйымының дерегіне сүйенсек, тамыздың алғашқы екі аптасында елге 2170 босқын, ал маусымда 7855 адам қоныс тепкен. Жыл басынан бері Еуропаға 61 мыңнан астам мигрант көшіп келсе, оның 25 мыңы Испанияға тұрақтаған.
05 қыркүйек 2018 ж. 1 386 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

№33 (10501)

05 мамыр 2026 ж.

№32 (10500)

01 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 059
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 658

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031