» » Жерорта теңізінде 63 мигрант құтқарылды

Жерорта теңізінде 63 мигрант құтқарылды

Италияның жағалау күзеті Жерорта теңізінде 63 мигрантты құтқарды. Сақшылар қайыққа тақағанда босқындардың көптігінен теңселіп біраз келімсек суға құлап батып кете жаздаған. Бірақ олардың барлығы аман-есен шығарылып, Италияға жеткізілген. Айта кетейік, қазір Еуропаға Жерорта теңізімен бет алған босқындар легі азаймай тұр. Қылмыстық топтар мигранттарды көбіне алыс сапарға үрлемелі қайық немесе тозығы жеткен кемелермен жіберуді әдетке айналдырған. Соның салдарынан адам өлімі де көп. Ал ресми дерекке сүйенсек, биыл жыл басталғалы Жерорта теңізімен кәрі құрлыққа 17 мыңға жуық адам табан тірепті. Олардың бестен бірі бала. Бірақ бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда аз. Былтыр оның саны 44 мыңға жуық болған. Ал жалпы өткен жылы теңіз арқылы Еуропаға 171 мың босқын өткен. Олардың басым бөлігін Италия қабылдады.

26 сәуір 2018 ж. 1 257 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 904
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 557

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930