» » Елімізден Италияға тікелей әуе рейсі ашылуы мүмкін

Елімізден Италияға тікелей әуе рейсі ашылуы мүмкін

Елімізден Италияға тікелей әуе рейсі ашылуы мүмкін
BNews.kz Қазақстан мен Италия арасындағы мәдени-экономикалық қарым-қатынасты дамытуға қажетті мүмкіндіктер көп.
Апенин түбегіндегі мемлекет еліміздегі цифрландыру, «Жібер жолы» секілді жобаларға қызығушылық танытып, екіжақты байланыстың одан әрі дамуына мүдделі. Алыс-беріс пен әріптестік аясын кеңейте түсу мақсатында Қазақстан мен Италия тікелей әуе рейсін ашуды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін Италияның еліміздегі Төтенше және өкілетті елшісі Стефано Раваньян мәлімдеді. Дипломатиялық қызметі аяқталғалы отырған елшімен Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова кездесіп, ынтымақтастықтың жай-күйлерін талқылады. Мемлекеттік хатшы Рафаньянды Италияға барғаннан кейін де Қазақстанға қатысты мәселелерге атсалысуға шақырды. «Қазақстанның Еуроодақ елдерімен кеңейтілген серіктестік туралы келісімі бар. Қазір бұл құжатты 23 ел ратификациялады. Енді Италияның да осы келісімге қосылғанын қалаймыз. Екінші мәселе 2018 жылы қазан айында әлемдік дін өкілдерінің дәстүрлі съезіне сіздердің де өкілдеріңізде шақырамын», – деді Гүлшара Әбдіқалықова. Қазір екі ел арасындағы тауар айналымы 2,5 млрд еуроны құрап отыр. Италия мұнай өнімдерін сатып алса, Қазақстан киім-кешек, мал шаруашылығына қажетті құрал-жабдықтар импорттайды.
Стефано Раваньян, Италияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі:
- Соңғы жылдары біз екіжақты қарым-қатынасымызды мәдени салада да дамытуға басымдық бердік. Университеттер арасында да тығыз байланыс орнаттық. Оқытушылар мен студенттер тәжірибе алмасып, зерттеу жұмыстарымен айналысты. Сонымен қатар Венецияда ашылған қазақ тілі мен мәдениеті орталығын да атап өткен жөн. Мен Италияда осы орталықтың қарқынды жұмыс істеуіне өз үлесімді қосып, назарда ұстайтын боламын. Елшілік қызметте көп жобаны іске асырып үлгермедік. Қазақстан мен Италия арасында тікелей әуе рейсін ашу да ойда бар еді. Енді бұл мәселе биыл жазда шешіледі деп үміттенеміз. Қазір аталған жоба бойынша екі жақтың тиісті мекемелері жұмыс істеп жатыр.
17 наурыз 2018 ж. 1 263 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

№87 (10352)

02 қараша 2024 ж.

№86 (10351)

29 қазан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 2 885

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930