» » Дональд Трампқа екі миллион доллар айыппұл салынды

Дональд Трампқа екі миллион доллар айыппұл салынды

Нью-Йорк соты АҚШ президенті Дональд Трампты бірнеше коммерциялық емес ұйымға екі миллион доллар көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді. Прокуратура органдары АҚШ президентін Trump Foundation қайырымдылық қорын жеке саяси және бизнес мүддесі үшін пайдаланды деп айыптады. Бұл ақпаратты "Азаттық радиосы" хабарлады.
Нью-Йорктің бас прокуратурасы 2018 жылы жазда сотқа шағым түсірген. Онда Трамп пен оның үш баласының сайлау кампаниясын қаржыландыру туралы заңнаманы бұзғаны айтылған. Қордың көмегімен жиналған үш миллион долларға жуық қаражат Трамптың 2016 жылғы сайлауалды кампаниясы кезінде қолданылған. Прокуратура дерегінше, Трамп қаржының бір бөлігін қажетіне жаратқан.
Трамп қор ақшасын пайдалану туралы шешімді өзі қабылдағанын мойындады. Нью-Йорктің бас прокуратурасы мен президент айыппұл көлемін судья шешеді деп келіскен.
Өткен айда Трамптың заңгерлері және Нью-Йорктің бас прокуратурасы қорды таратып, оның қаржысын коммерциялық емес ұйымдарға үлестіруге келіскен.
Трамп төлейтін айыппұл мен Trump Foundation қорының қалған ақшасы сегіз коммерциялық емес ұйымға теңдей бөлінеді. Қаржы үлестірілетін қорлардың арасында тегін тамақ тарататын және афроамерикалық азаматтарды оқыту, Холокос құрбандарын еске алу музейі бар.
08 қараша 2019 ж. 942 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 325
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031