» Facebook-қа бес миллиард доллар айыппұл салынуы мүмкін

Facebook-қа бес миллиард доллар айыппұл салынуы мүмкін

АҚШ-тың федерал сауда комиссиясы Facebook әлеуметтік желісіне бес миллиард доллар айыппұл салуы мүмкін, - деп хабарлайды CNBC. Facebook желісі 2019 жылы бірінші тоқсанында кірістер туралы есебінде айыппұл туралы мәліметтер көрсетілгені айтылады. Оған себеп, миллиондаған қолданушылардың жеке мәліметтерін жинап, жайып жіберген Cambridge Analytica IT-компаниясының әрекеті.  Құжатта ФСК компанияға үш миллиард доллар айып салатынын, алайда бұл сома бес миллиардқа жетуі мүмкін екені айтылады. Бірақ бұл шара нақты қанша мерзімге созылатыны және соңғы шешім қандай болатыны туралы ешқандай кепілдік жоқ.  Жылдық есеп бойынша, 2019 жылы бірінші тоқсанда компанияның табысы өткен жылмен салыстырғанда 51 пайызға (2,43 миллиард доллар) артқан.  Осыған дейін, әлеуметтік желі электронды поштаға "кездейсоқ" 1,5 миллион қолданушының рұқсатынсыз жеке мәліметтерді жүктегені туралы айтылған еді. Мәліметтер жаңа қолданушыларды идентификациялау жүйесі жұмысы аясында жасалған.  Осылайша, Facebook тек қана электронды поштаны ғана емес, оның паролін де алып отырған. Бұл 2016 жылдан бері қолданушылардың рұқсатынсыз жасалып келген. 

---
12 маусым 2019 ж. 960 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 897
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 550

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930