» » Әлемдегі ең бай адамдар тізімі жарияланды

Әлемдегі ең бай адамдар тізімі жарияланды

Әлемдегі ең бай адамдар тізімі жарияланды
Wallup.net «Форбс» журналы әлемдегі ең бай адамдардың тізімін жариялады.
2017 жылдың қорытындысы бойынша рейтингте  Амазон басшысы Джефф Безос көш бастап келеді. Басылым оның дәулетін 112 миллиард долларға бағалады. 2017 Безос үшін сәтті жыл болды, өйткені Амазон акцияларының бағасы 60 пайызға өскен. Безос соңғы 24 жылда 18 рет әлемнің ең бай адамы аталып келген Билл Гейтсті екінші орынға ығыстырды. Гейтстің дәулеті 90 миллиард доллар. Үшінші орында инвестор Уоррен Баффет келеді. Ол соңғы жылда 8 жарым миллиард долларға байыған, оның жалпы дәулеті 84 миллиард долларға бағаланды. Эл Ви Эм Эйч компаниялары тобының басшысы Бернар Арно төртінші орынға табан тіреді. «Форбс» дерегі бойынша оның шотында 72 миллиард доллар бар екен. Фейсбуктің негізін қалаушы Марк Цукерберг 71 миллиард доллармен ең ауқатты адамдардың бестігіне ілікті.
«Форбс» есебіне сүйенсек, әлемде 2 мың 208 миллиардер бар екен.
08 наурыз 2018 ж. 1 347 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (10293)

09 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930