» » Ең қымбат спорттық клуб

Ең қымбат спорттық клуб

Ең қымбат спорттық клуб
Forbes журналы ең қымбат спорттық клубтардың рейтингін жариялады. Спортсүйер қауымның басым көпшілігі бұл рейтингтің бірінші сатысынан Барселона немесе Реал Мадридті көретіні анық. Алайда, бұл тізімнің басында мүлде басқа ұжым тұр. 
Америкалық футболдан Ұлттық футбол лигасында өнер көрсететін солтүстік Американың танымал "Даллас Ковбойс" тобы жер жүзіндегі ең қымбат спорттық клуб атанды. "Далластың" бағасы бір жылда 14 пайызға артып, нәтижесінде 4,8 миллиард доллармен көш бастаған. 
Солтүстік Америкалық ұжымның ізін ала, екінші орынға ағылшынның "Манчестер Юнайтед" командасы жайғасты. Рейтингтегі ақпарат бойынша, ағылшындық ұжымның көрсеткіші – 4,1 миллиард доллар. Үздік үштікке Роналдуынан айрылған әйгілі испандық клуб "Реал Мадрид" ілінді. Ұжымның бағасы 4,09 миллиард долларды құрайды. 
Әлемдік бәсекеде үздік атануға таласатын екінші испаниялық топ – Барселона. Бұл команда 4,064 миллиард доллар көрсеткішпен төртінші орынға жайғасса, "Нью-Йорк Янкиз" бейсбол клубы 4 миллиард доллармен үздік бестікке ілінді. 
Тізімге түрлі спорт бойынша ең үздік деген 50 ұжым енді. Осы 50 команданың 29-ы амеркалық футболдың өкілдері. Ал 8 команда баскетбол клубтарында өнер көрсетсе, небәрі жетеуі футболшылар ұжымы екен ("Манчестер Юнайтед", "Реал Мадрид", "Барселона", "Бавария", "Манчестер Сити", "Арсенал", "Челси"). Ал қалған 6 команда бейсболдан Бас лигада ойнайды.
23 шілде 2018 ж. 1 053 1

JeaCold от 23 ақпан 2019 03:21
Viagra Kaufen Rezeptpflichtig cialis Compare Viagra Canadian Costs Precio De Cialis Generico En Aguascalientes

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930