Apple – ең қымбат бренд
Американың Forbes журналы дәстүр бойынша әлемдік нарықты жаулаған жылдың ең қымбат 100 брендін жариялады. Көш басына сегізінші жыл қатарынан Стив Джобс негізін қалаған әйгілі Apple компания жайғасты.
Apple-дің жылдық қорының бағасы – $182,8 млрд. Бұл рейтингте ең алдыңғы орынды бермей жүрген компанияның былтырғы жылғы көрсеткішінен 8%-ға жоғары.
Ал екінші сатыға Google жайғасты. Үшінші жыл қатарынан екінші орында тұрған брендтің бағасы – $132,1 млрд. Биылғы жылдың көрсеткіші былтырғыға қарағанда 30%-ға артыпты.
Үздік үштіктің қатарын толықтырған Microsoft болды. Былтырғы жылдың көрсеткішінен 21%-ға жоғарылаған брендтің бағасы – $104,9 млрд.
Forbes журналының жариялаған рейтингі бойынша алдыңғы ондыққа енген брендтердің тізімі:
1. Apple — $182,8 млрд, +8%
2. Google — $132,1 млрд, +30%
3. Microsoft — $104,9 млрд, +21%
4. Facebook — $94,8 млрд, +29%
5. Amazon — $70,9 млрд, +31%
6. Coca-Cola — $57,3 млрд, +2%
7. Samsung — $47,6 млрд, +25%
8. Disney — $47,5 млрд, +8%
9. Toyota — $44,7 млрд, +9%
10. AT&T — $41,9 млрд, +14%
Барлығы 100 брендтің жалпы ортақ көрсеткіші 2017 жылға қарағанда 10% жоғары болды. Тізімдегі 100 өнімнің көш соңындағы бренд бағасы $7,4 млрд болды. Ол сауда орталықтарында үлкен сұранысқа ие KFC-ге тиесілі.
Forbes дәл осы рейтингті дайындау үшін 200-ге тарта халықаралық өнімді сынаған. Бір қызығы, тізімге ілігетін өнімдер АҚШ нарығында міндетті түрде сатылымда болу керек деген талап бойынша рейтинг жасалыпты. Осыған байланысты АҚШ нарығында жоқ, бірақ үлкен танымалдылыққа ие қытайдың Alibaba және Tencent брендтері тізімге ілікпеген.
Пікір 1