» Биыл елімізде туризм саласы цифрландырыла бастайды

Биыл елімізде туризм саласы цифрландырыла бастайды

Биыл елімізде туризм саласы цифрландырыла бастайды
«Қазақстанның Швейцариясы» атанып кеткен Бурабайға биыл 1 млн-ға жуық турист келеді деген болжам бар.
Сала мамандары солай дейді. Ал туристердің көңілінен шығу үшін аймақта қандай шаралар қолға алынған? Жоспар қандай? Бұл сұрақтарға бүгін Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингінде жауап береді.
Дамир Берікұлы, damir130788@twitter.com
– Бурабайдағы тұмса табиғат таңдай қақтырмай қоймайды. Қарап тұрып, шабыттанасың. Жалпы соңғы жылдары мұнда туристерді көптеп тарту үшін облыстық, республикалық, тіпті халықаралық іс-шаралардың барлығы осы Бурабайдың баурайында өткізіліп келеді.
Бүгінгі брифингте Бурабайдағы туризмнің аяқ алысы сөз болады. Атқарылып жатқан іс-шаралар жайлы облыс әкімінің өзі есеп береді. Соның ішінде бір ғана бағытқа тоқтала кетейін. Мәселен, биыл туризм саласы біртіндеп цифрландырыла бастайды. Туристік нысандар жайлы жан-жақты кең ақпарат беретін геопортал іске қосылады. «Визит Ақмола» сайты өз жұмысын бастайды. Сондай ақ қазір заман талабына сай мобильді қосымша да әзірленіп жатыр. Ал оның негізгі ерекшелігі, интернет желісі жоқ жерде де жұмыс істей береді.
Данияр Идиятов, облыстық туризм басқармасының басшысы:
– Мобильді қосымшаның негізгі фишкасы, осы мобильді қосымшаны жүктеген адамдар, бір-бірімен хат алмаса алады. Аудиогид болады. Осы аудиогид арқылы турист, мобильдік телефоннан ақпарат ала алады.
Дамир Берікұлы, damir130788@twitter.com
– Жалпы бүгінгі брифингте тек қана Бурабайдың емес, Сандықтау, Зеренді, Ерейментау, Қорғалжын және Астана қаласының маңындағы туристік кластерді дамыту барысы да баяндалады. Ал шараның өзі тура бір сағаттан кейін біздің арнамызда тікелей эфирде көрсетіледі.
24.kz


---
25 тамыз 2018 ж. 886 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930