» АСҚАҚ РУХТЫ ОФИЦЕР

АСҚАҚ РУХТЫ ОФИЦЕР

Елбасы Н.Назарбаев өз Жолдауында: «Жастар – біздің үмітіміз және болашағымыз» деп жас ұландарға әркез сенім артып келеді. Сол сенімді ақтауға қармақшылық өрендер де күш-жігерін салуда. Олардың арасынан Бекқұлов Бекзат Бақтыбайұлының атын ерекше айтуымызға болады.
Ол 1995 жылы желтоқсан айында Жосалы кентінде дүниеге келген. 2012-2013 оқу жылында Ү.Томанов атындағы №183 орта мектепті бітіріп, Алматыдағы Құрлық әскерлерінің әскери институтына мотоатқыштар мамандығы бойынша оқуға қабылданады. Бекзатпен әңгімеміз жоғары оқу орнында оқитын курсанттарға мемлекет тарапынан жасалып жатқан игі істерден басталды. – Әр курсантқа мемлекет жақсы жағдай жасаған. Уақытылы шәкіртақымен, киіммен қамтамасыз етілген. Демалыс кезінде жол билеті құнын оқу орны өзі көтереді. 4 жыл бойы курсанттар казармада жатып, білім алады. Курсант өзін спорттық жағынан көрсете білетін болса, институттың спорт командасы құрамасына кіреді. «Алтын белгіге» бітіргендер Жоғарғы Бас Қолбасшының қолынан диплом мен әскери шен алу құрметіне ие болады, – дейді ол.
Оқу орнында мәдени-спорттық шаралар жиі өтіледі. Мұндай шараларды жерлес ініміз қалт жібермейді. Өткен жылы «Қалқан – 2016» рота тактикалық оқу-жаттығу кезінде рота командирінің міндетін атқарып, институт және шекара қызметі бастығының алғыс хатымен марапатталған.
– Әскери салаға талаптанғандарға айтарым – еліміздің айбыны да айбары саналатын мамандықты таңдасаңыз – қателеспейсіздер, – дейді офицер.
С.ЖАУДАТБЕК.
---
11 мамыр 2018 ж. 1 711 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031