» Кәсіпкерлікте жай қалай?

Кәсіпкерлікте жай қалай?

Облыстағы кәсіпкерліктің дамуы сан қырынан көрініс табуда. Қолдағы барды мол табыс көзіне айналдырып, ел игілігіне еңбек ету қазіргі кәсіпкердің басты ұраны. Кәсіпкерлік саласындағы өсу өңір экономикасының әлеуетін арттырады емес пе?

Жаңа жобалар жалғасын тауып, жұмыс орындары ашылып, жұмыссыз жандар жұмыспен қамтылуда.Иә, бүгінде шағын және орта бизнесті дамытуға мемлекет айрықша назар аударды. Жергілікті тұрғындар арасында да кәсіпкерлік кең қанат жайып, бизнеске ынталы азаматтардың қатары артты. Жас кәсіпкерлерді қолдаудан бөлек, орта бизнеске арналған тиімді бағдарламалар да бар. Осындай қолдаудың нәтижесінде көкжиегін кеңейтіп отырған кәсіпкерлер де жоқ емес. Алайда, облыс кәсіпкерлік саласының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің өсімі бойынша республикада соңғы орында екен. Бұл жайында облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетовтың төрағалығымен аймақтағы шағын және орта кәсіпкерліктің даму барысына арналған мәжіліс отырысында айтылды. Оған қала және аудан әкімдіктері мен жауапты басқарма басшылары қатысты.
Басқосуда облыс әкімінің орынбасары шағын және орта бизнестің төменгі көрсеткіші мен жұмыс нәтижесінің мардымсыздығын қаперге салды.
– Өткен жылы кәсіпкерлікте 103 мыңнан аса тұрғын жұмыспен қамтылып, 459,9 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Бұл көрсеткішпен облыс республикада 15 орынға орналасты. Нәтижесінде, шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі бар болғаны 16,3 пайызды құрады. Жыл сайын бұл сектордың экономикадағы үлесі төмендеп келеді. Облыстың республика деңгейінде артта қалуына бұл көрсеткіштердің қала және аудандарда төмен болуы тікелей әсер етіп отыр. Бұл қала және аудандар әкімдіктерінің жұмысының мардымсыздығын көрсетеді. Жұмыстардың алға басуы – жергілікті әкімдерге тікелей байланысты, – деді М.Жайымбетов.
Одан соң облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Мұса Қалдарбеков саладағы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларды тізбектеді. Басқарма басшысының айтуынша, қазір әрбір ауылдық елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық жағдайына, кәсіпкерлік қызметтеріне талдау жұмыстары жүргізілуде. Оң нәтижелерге қол жеткізу, республикада бастапқы үштікке енуді мақсат етіп, қала және аудандарға кәсіпкерлер, жұмыспен қамтылғандар, өндірілген өнім көлемін ұлғайту бағытында жұмыс жасау қажеттігін ұсынды.
Облыс әкімінің орынбасары қала және аудан әкімдіктеріне кәсіпкерлік субъектілерінің санын кемінде 10 пайызға, жұмыс күшін 15 пайызға, өндірілген өнім көлемін 40 пайызға дейін ұлғайту бағытында жүйеленген жұмыстарды атқаруды тапсырды. Сонымен қатар, аудандар көлемінде іске қосылған өндірістік цехтардың нақты санын шығарып, жаңа өндіріс орындары мен қызметтерді іске қосу бағытында жұмыстар атқаруды, шағын өнеркәсіптік аймақ құру жұмысын жандандыруды, туризм, сауда салаларында түрлі инвестициялық жобаларды іске асыруды жүктеді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 10 мың тұрғын үшін 100 жұмыс орнын құру қажеттігін баса айтты. Мархабат Жайымбетов белгіленген міндеттер мен тапсырмалардың орындалуын келесі айда қарайтынын жеткізді.
Айнұр ӘЛИ
---
16 маусым 2022 ж. 559 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 059

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031