Даяшы қыз (әңгіме)
Алатаудың сілемдері бұл жерден ап-айқын көрінеді. Ол кезде қазіргідей ұялы телефон деген болмаған. Әйтпесе құмарым қанғанша суретке түсіріп алар едім ғой, амал не? Табиғаттың мына ғажайыбын санамда сақтап қалу үшін, шөгіп жатқан алып нар секілді ары қарай созылған шыңдарға қайта-қайта қарай бердім, қарай...