» » Қазақстанда саусақ іздерін алу 2023 жылға қалдырылды

Қазақстанда саусақ іздерін алу 2023 жылға қалдырылды

Елімізде азаматтарды дактилоскопиялық тіркеу 2023 жылдың 1 қаңтарынан басталады, деп хабарлады Stan.kz.



2021 жылдан басталуы тиіс саусақ ізін алу арқылы тіркеу елдегі және әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты 2023 жылға ауыстырылды.
"Коронавирус пандемиясына және COVID-19 індетіне жасалған болжамдарға байланысты азаматтарды дактилоскопиялық тіркеу 2023 жылдың 1 қаңтарынан басталады. Тиісті өзгерістер "Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы" заңға енгізіледі", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, бұған дейін ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп дактилоскопиялық тіркеуді 2023 жылдың 1 қаңтарына ауыстыру туралы ұсыныс жасаған болатын.
Азаматтар он алты жасқа толуына байланысты паспорт  немесе жеке куәлік алғанда, сондай-ақ мерзімі аяқталып немесе жоғалуына байланысты құжаттарын ауыстырған кезде ғана дактилоскопиялық тіркеуден өтеді.  
04 қаңтар 2021 ж. 841 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 994
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 224

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031