Өй, мұқтаждық, кесел болып тұрдың ғой, Талапкерге қарсы тұзақ құрдың ғой. Қолды созып, бойды жазып жүргізбей, Ауруы жоқ бір мүгедек қылдың ғой. Тоқтау салып кейін қарай тартасың, Жас жүрекке бір ауыр жүк артасың. Сөндіресің жалындаған жүрегін, Түбін қағып, жел кеулетіп қалтасын. Жазы-қысы бір ақша деп...