Мұқтаждық

Өй, мұқтаждық, кесел болып тұрдың ғой,
Талапкерге қарсы тұзақ құрдың ғой.
Қолды созып, бойды жазып жүргізбей, 
Ауруы жоқ бір мүгедек қылдың ғой.
Тоқтау салып кейін қарай тартасың, 
Жас жүрекке бір ауыр жүк артасың. 
Сөндіресің жалындаған жүрегін, 
Түбін қағып, жел кеулетіп қалтасын.
Жазы-қысы бір ақша деп зарлайды, 
Жатса, тұрса, бұл ісінен қалмайды. 
Шарасыздың күнге ұшырап байғұстар, 
Садақа үшін жанын байға жалдайды.
Бір қызмет қылайын деп ойланып, 
Бұл туралы шын ниетті бойға алып. 
Жайтаң қағып шықса дағы жарлылық, 
Жібермейді түп етектен байланып.
Ай, мұқтаждық, қайтейін деп қайғырып, 
Керегімді бермедің деп сай қылып. 
Жігері құм болғаннан соң тоқтайды, 
Бойындағы талабынан айырылып...
Тұрмағамбет Ізтілеуов
23 желтоқсан 2019 ж. 1 444 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 978
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 207

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031